x

Жүйелік талаптар

Microsoft Windows

Windows жүйесіне LibreOffice орнатуға арналған бағдарламалық қамтама мен аппараттық алғышарттар төмендегідей:

Орнату процесі үшін әкімші құқықтары қажет. Бағдарламалық қамтаманы өшіру немесе орнату алдында жүйе мен деректердің резервтік көшірмесін жасау ұсынылады.

Бағдарламалық қамтаманың кейбір мүмкіндіктері үшін — бірақ көпшілігі үшін емес — Java қажет. Java әсіресе Base үшін қажет.

Apple macOS

Apple macOS компьютеріне орнатуға арналған бағдарламалық қамтама мен аппараттық алғышарттар төмендегідей:

Бағдарламалық қамтаманы өшіру немесе орнату алдында жүйе мен деректердің резервтік көшірмесін жасау ұсынылады.

Ескертпелер:

GNU/Linux

Әдеттегідей, LibreOffice-ті Linux дистрибутивіңіз (мысалы, Ubuntu Linux жағдайында Ubuntu Software Center) ұсынған орнату әдістері арқылы орнату ұсынылады. Себебі бұл әдетте жүйеңізге оңтайлы біріктірілген орнатымды алудың ең оңай жолы. Шындығында, LibreOffice Linux операциялық жүйесін алғаш орнатқан кезде-ақ әдепкі бойынша орнатылған болуы мүмкін.

Қауымдастық ұсынған LibreOffice орнатқыштары арнайы қажеттіліктері бар пайдаланушыларға және ерекше жағдайларға арналған.

Linux-ке орнату үшін бағдарламалық қамтама және аппараттық талаптар келесідей:

Бағдарламалық қамтаманың кейбір мүмкіндіктері үшін — бірақ көпшілігі үшін емес — Java қажет. Java әсіресе Base үшін қажет.

Бағдарламалық қамтаманы өшіру немесе орнату алдында жүйе мен деректердің резервтік көшірмесін жасау ұсынылады.

Android/Linux

Android-ке арналған LibreOffice қарау құралын қараңыз.

Басқа операциялық жүйелер

Қауымдастық дайындаған LibreOffice нұсқалары BSD сияқты басқа операциялық жүйелер үшін де қолжетімді. Толық ақпарат алу үшін TDF Wiki бетіндегі кеңейтілген жүйелік талаптарды қараңыз.