LibreOffice-ке демеушілік ету
LibreOffice — тегін бағдарламалық қамтама және тегін таратылады. Сіздің ерікті демеушілік етуіңіз біздің дүниежүзілік қауымдастығымызға қолдау көрсетеді. Егер сізге бағдарламалық қамтама ұнаса, демеушілік етуді қарастырыңыз.
…немесе уақытыңызбен демеушілік ете аласыз
LibreOffice — бұл тек қана бағдарламалық қамтама емес. Бұл — адамдар, мәдениет, шығармашылық, бөлісу және ынтымақтастық туралы.
LibreOffice үшін не істей алатыныңызды білу үшін арнайы сайтымызға кіріңіз.
Бізбен бірге қаншалықты қызықты болатынын көресіз!
Сондай-ақ, қай салаға қызығушылық танытатыныңызды айтып, TDF менторы Илмари Лаухакангаспен бағдарлау сұхбатын сұрай аласыз.
Банктік аударымдар және АҚШ резиденттері үшін қосымша ақпарат
Иесі: The Document Foundation
Мақсаты: Демеушілік ету
Тіркелгі: 29523932
Банк коды: 66190000
IBAN: DE36 6619 0000 0029 5239 32, BIC: GENODE61KA1
Алушының адресі: The Document Foundation, Winterfeldtstraße 52, 10781 Berlin, Germany
Банк адресі: Volksbank pur eG, Ludwig-Erhard-Allee 1, 76131 Karlsruhe, Germany
LibreOffice — SPI-мен байланысты жоба
Сондай-ақ, демеушілік кезінде “LibreOffice” деп көрсету арқылы АҚШ-тан демеушілік ете аласыз. SPI арқылы жасалған демеушілік төлемдер АҚШ салықтарынан шегерілуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Салық шегерімдері
The Document Foundation-қа жасалған демеушілік бірнеше елде салықтан шегеріледі. Толық ақпарат алу үшін жергілікті салық кеңсесіне хабарласыңыз.
Германия резиденттері үшін:
Für Spenden bis zu 300 € pro Jahr akzeptiert das Finanzamt den Kontoauszug als Spendenbescheinigung. Zusätzlich teilen Sie dem Finanzamt bitte mit, aufgrund welcher Bescheinigung und Steuernummer »The Document Foundation« als gemeinnützig anerkannt ist. ‘Wir sind wegen Förderung von Wissenschaft und Forschung; der Volks- und Berufsbildung einschließlich der Studentenhilfe; des bürgerschaftlichen Engagements nach dem Freistellungsbescheid bzw. nach der Anlage zum Körperschaftsteuerbescheid des Finanzamtes Berlin StNr 27/641/01975, vom 13.11.2023 für den letzten Veranlagungszeitraum 2019-2021 nach § 5 Abs. 1 Nr. 9 des Körperschaftsteuergesetzes von der Körperschaftsteuer und nach § 3 Nr. 6 des Gewerbesteuergesetzes von der Gewerbesteuer befreit.’
Einen vereinfachten Zuwendungsnachweis nach § 50 Abs. 2 Nr. 2 b EStDV können Sie hier herunterladen. Damit sparen Sie uns Arbeit und Porto, welches stattdessen unserer Projektarbeit zugute kommen kann. Für Beträge über 300 €, oder falls Sie dennoch eine Spendenbescheinigung wünschen, senden uns bitte eine E-Mail an treasurer@documentfoundation.org
Көп рақмет!
2025 жылы сіздің демеушілігіңіз бізге келесілерге көмектесті:
Қауымдастық мүшелеріне іс-шараларға қатысуға және біліммен бөлісуге қолдау көрсету
Әзірлеушілеріміз, үлес қосушыларымыз және соңғы пайдаланушыларымыз сенетін инфрақұрылымды қолдау
Будапештте дүние жүзінен қатысушылар жиналатын LibreOffice конференциясын ұйымдастыру
Жаңа әзірлеушілерді іске қосу үшін әзірлеу бойынша тәлімгерлерді қолдау
Пайдаланушы интерфейсін жақсартумен айналысатын жаңа әзірлеушіні жалдау
Әзірлеумен, құжаттамамен, сапаны бақылаумен (QA), дизайнмен және т.б. айналысатын шағын топқа ақы төлеу
Бүгін демеушілік етіңіз және LibreOffice-ті бұдан да жақсырақ етейік!