x

Қауымдастық көмегі

Сұрақтар, жауаптар, құжаттама, талқылаулар және тағы басқалар.

LibreOffice қауымдастығы бағдарламалық қамтама артында тұрған коммерциялық емес The Document Foundation қоры тарапынан ешқандай техникалық қолдауды қамтымайды. Арнайы қолдау келісімшарттары қажет бизнеске, ұйымдарға және соңғы пайдаланушыларға біздің Кәсіби қолдау бетіне өту ұсынылады. Дегенмен, басқа LibreOffice пайдаланушыларынан көмек алу үшін кейбір ресурстар төменде келтірілген…

Ask.LibreOffice

LibreOffice туралы сұрағыңыз болса, Ask.LibreOffice сайтына кіріңіз. Мұнда бірнеше түрлі тілде жауап алыңыз! Сондай-ақ тікелей чат үшін IRC пайдаланушыларына көмек арнасына қосыла аласыз.

Құжаттама

Құжаттаманы және нұсқаулықтарды желіде оқыңыз, оларды жүктеп алыңыз немесе басып шығарылған көшірмесіне тапсырыс беріңіз.

LibreOffice желідегі көмегі

LibreOffice желідегі көмегін шолыңыз: Writer көмегі, Calc көмегі, Impress көмегі немесе басқа LibreOffice-ке қатысты тақырыптар арасынан таңдаңыз. Бұл беттерге қолданба ішінен F1 пернесін басу немесе «Көмек» батырмаларын пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.

Wiki

Көптеген ақпаратты wiki сайтынан алуға болады, соның ішінде Жиі қойылатын сұрақтар жинағы және Calc функцияларының егжей-тегжейлі құжаттамасы бар.

Таратылым тізімдері

Бізде хабарландырулар, талқылаулар, дизайн және басқа тақырыптар үшін көптеген глобалды және аймақтық таратылым тізімдері бар.

Қате туралы хабарлау немесе жақсартуға сұраныс жіберу

Соңғы нұсқада бағдарламалық қамтаманың құлауы немесе баяу жұмыс істеуі сияқты нақты мәселе бар ма? Ол туралы хабарлау арқылы бізге көмектесіңіз. LibreOffice-ті қазіргіден де жақсарта түсетін жаңа мүмкіндік туралы ойыңыз бар ма? Қателер мен жақсарту сұраныстарын әзірлеушілерімізге хабарлаңыз.

Веб-сайттар мен веб-қызметтерге қатысты мәселелер туралы Redmine жүйесінде хабарлауға болады.

LibreOffice - бұл қауымдастық, бізге қосылыңыз!

Қате тіркелгеннен кейін не болатыны туралы ойландыңыз ба? Сіздің сүйікті мүмкіндігіңізді бұзған нақты коммитті қалай табуға болатыны сияқты жаңа дағдыларды үйренгіңіз келе ме? QA тобы өз қатарына қосылатын еріктілерді әрдайым іздейді. Бізді IRC QA арнасынан табыңыз. Сондай-ақ QA таратылым тізімін және Wiki бетін тексеріңіз. Тәжірибе қажет емес!

Құжаттаманы жақсартқыңыз келе ме? Құжаттама тобына қосылыңыз!

Егер сіз бағдарламашы болсаңыз және әзірлеуге қатысқыңыз келсе, #libreoffice-dev арнасына қосылыңыз.