Қатысу
Қош келдіңіз! LibreOffice дүние жүзіндегі жүздеген қатысушылардан тұратын тату қауымдастықпен әзірленеді. Бұл еркін және ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтама, сондықтан кез келген адам оның қалай жұмыс істейтінін зерттеп, жақсартулар қоса алады. Бүгін бізге қосылыңыз және оны одан да жақсартуға көмектесіңіз!
Үлес қосуды бастамас бұрын, TDF менторы Ilmari Lauhakangas-пен бағдарлау сұхбатын жоспарлау ұсынылады.
Қазірдің өзінде қатысушысыз ба? TDF-ке қосылыңыз!
Мүшелер өз жобаларын қаржыландыру үшін грант сұранысын жібере алатынын ескеріңіз.
Шағын тапсырмалар
Бос он немесе жиырма минутыңыз бар ма және бізге көмектескіңіз келе ме? Мына жылдам тапсырмаларды қараңыз:
- Ask LibreOffice-те сұрақтарға жауап беру арқылы басқаларға көмек беріңіз
- Жиі қойылатын сұрақтар беттерімізге шолу жасаңыз және олардың жаңартылғандығын тексеріңіз (немесе оларды аударыңыз)
- Маркетингтік материалдарымызды және флайерлерді жаңартыңыз немесе жақсартыңыз
- Біздің QA командамызға көмек көрсету үшін жаңа қате туралы есептерді тексеріңіз және растаңыз
Әлі де сенімді емессіз бе? LibreOffice үшін не істей алатыныңызды білу үшін бірнеше сұраққа жауап беріңіз.
Төмендегі батырманы шерту арқылы сіз үшінші тарап сайтының (YouTube) мазмұнын көруге және жеке деректеріңіздің YouTube жекелік саясатында көрсетілгендей тасымалдануы мен өңделуіне келісесіз.
Топтар
Әзірлеу
Кодтау – Жаңа мүмкіндіктер – Қателерді түзету
- Кодты алу, әзірлеушілермен сөйлесу және Easy Hacks бойынша жұмысты бастау үшін осында шертіңіз

Құжаттама
Нұсқаулықтар – Онлайн көмек – Жиі қойылатын сұрақтар
- Біздің құжаттама жұмысына қалай қатысуға болатыны туралы құжаттама бетін қараңыз (мысалы, онлайн көмек немесе Calc нұсқаулықтары)

Инфрақұрылым
Қызметтер – Саймандар – Жабдықтар
LibreOffice инфрақұрылымын - мысалы, веб-сайтты - жыл сайын миллиондаған адам пайдаланады. Біздің қауымдастыққа қосылыңыз және ауқымды инфрақұрылыммен жұмыс істеу тәжірибесіне ие болыңыз!
- Біз қолданатын саймандар мен қалай үлес қосуға болатынын білу үшін инфрақұрылым бетін қараңыз

Дизайн
Пайдаланушы интерфейсі – Пайдаланушы тәжірибесі - Брендинг
- Өз туындыларыңызбен және пайдаланушы тәжірибесі саласындағы сараптамаңызбен LibreOffice дизайнына үлес қосыңыз

Аудармалар және локализация
100+ тіл – Және одан да көп болады
- Біздің саймандарымыз бен ана тіліндегі қауымдастықтарымыз туралы білу үшін осы жерді шертіңіз

Сапаны қамтамасыз ету
Қателерді түзету – Сұрыптау – Бибисекция
- Біздің қателерді бақылау сайманымыз – Bugzilla-ға тіркеліңіз
- LibreOffice-тың соңғы нұсқасын орнатыңыз
- Қате туралы есептерді растауды немесе қайта тексеруді бастаңыз
- Егер сізге көмек қажет болса, Libera Chat-тағы #libreoffice-qa арнасына қосылыңыз

Маркетинг
Ақпарат тарату – Шараларға қатысу – Материалдар дайындау
- Біздің таратылым тізімімізге қосылыңыз (бос хабарлама жіберіп, нұсқауларды орындаңыз)
- Өзіңізді таныстырыңыз (қай жерде тұратыныңыз және қалай көмектескіңіз келетіні)
- Команда мүшесі сізге жұмыс істеуге болатын нәрселер туралы бірнеше идея береді
