Бизнестегі LibreOffice
The Document Foundation ұсынған LibreOffice Community үй және шағын кеңсе пайдаланушылары үшін өте қолайлы. TDF бағдарламалық қамтама үшін техникалық көмек көрсетпейді; пайдаланушылар біздің таратылым тізімдерімізде және Ask LibreOffice сайтында басқалардан көмек ала алады.
LibreOffice сондай-ақ мектептер, білім беру және ғылыми мекемелер, сондай-ақ ірі ұйымдар үшін өте қолайлы; мұндай жағдайларда біз экожүйе бойынша серіктестеріміздің бірінен LibreOffice корпоративтік нұсқаларын пайдалануды қатаң ұсынамыз. Осылайша сіз қызмет көрсету деңгейі туралы ұзақ мерзімді келісімдерді (SLA), жекелендірілген көмекті, техникалық қолдауды және тапсырыс бойынша жаңа мүмкіндіктерді ала аласыз. Сонымен қатар, экожүйе серіктестері орындаған жұмыстар LibreOffice жобасына қайтарылып, LibreOffice пайдаланушыларының үлкен қауымдастығына пайда әкеледі.
LibreOffice Enterprise бір ғана өнімді емес, жоғарыда аталған қосымша артықшылықтары бар LibreOffice негізінде жасалған өнімдер тобын білдіреді.
Миграциялар және оқыту
LibreOffice артында тұрған коммерциялық емес ұйым The Document Foundation ауқымды сертификаттау бағдарламасын ұсынады. Сертификатталған мамандар LibreOffice экожүйесін дамыту үшін қосымша құны бар кәсіби қызметтерді ұсына алады және ақпараттық директорлар мен IT-менеджерлерге меншікті өнімдерге сәйкес танылуды ұсына отырып, қауымдастықтың корпоративтік әлемге қолжетімділігін кеңейтуді мақсат етеді. Сол сияқты, LibreOffice сертификатталған миграциялық кеңесшілері — бұл мемлекеттік басқаруда немесе кәсіпорында LibreOffice-ті енгізуді жоспарлау мен басқаруда өз қабілеттерін дәлелдеген тұлғалар. Олар The Document Foundation ұсынған Миграция хаттамасын (немесе ұқсас миграция процесін) іске асыра алады.
LibreOffice - сіздің бизнесіңіз үшін дұрыс таңдау
Өзінің жетілген кодтық базасымен, бай мүмкіндіктер жиынтығымен, ашық стандарттарды күшті қолдауымен, тамаша үйлесімділігімен және сертификатталған серіктестердің ұзақ мерзімді қолдау опцияларымен, LibreOffice Enterprise десте нұсқалары өз деректерін бақылауды қалпына келтіргісі келетін және жеткізушіге тәуелділіктен құтылғысы келетін бизнес үшін тамаша шешім болып табылады.