Қауіпсіздік

Егер сіз мұнда соңғы пайдаланушыға қолдау іздеп келсеңіз, нақты қауіпсіздік ақауына қатысты емес кез келген сұрақтарыңызды users@global.libreoffice.org адресіне жіберіңіз.

Кодтық базамен байланысты өнімдердің қауіпсіздік топтарымен officesecurity@lists.freedesktop.org арқылы хабарласуға болады — оның құрамына көптеген жеткізушілердің өкілдері және қатысты жобалар кіреді. Бұл эл. пошта адресі тек қана бағдарламалық қамтамамен байланысты қауіпсіздік мәселелері туралы есеп беруге арналған. Егер сіздің вирус тексергішіңіз LibreOffice жүктемесін вирус қамтитын файл ретінде белгілесе, бұл үлкен ықтималдықпен жалған оң нәтиже. Қауіпсіздік тобын мазаламас бұрын, басқа антивирус өндірушісімен тексеріңіз және/немесе оларға ақау туралы есеп жіберіңіз. Сондай-ақ дәлірек вирус тексергішін сатып алуды қарастырыңыз.

Есебіңізге келесі ақпаратты қамтыңыз:

  1. Нақты қауіпсіздік мәселесін қай нұсқада анықтадыңыз
  2. Егер ол платформаға тәуелді болса, сіз қай платформаны пайдаланасыз
  3. Мүмкін болса, тұжырымдаманың дәлелі

Қолданбаның істен шығуына себеп болатын, бірақ әйтпесе пайдалануға (эксплуатациялауға) келмейтін ақаулар қауіпсіздік осалдықтары ретінде қарастырылмайтынын ескеріңіз; оларды анықтағандарға LibreOffice-тің жуырдағы нұсқалары үшін қалыпты жолмен түзетулер енгізуге кеңес беріледі.

Оқиғаларға әрекет ету процедурасы

  1. Сіз қауіпсіздік осалдығы туралы толық ақпаратты біздің қауіпсіздік тобымызбен officesecurity@lists.freedesktop.org адресіне хат жіберу арқылы құпия түрде бөлісесіз
  2. Біз сіздің жіберіліміңізді қабылдаймыз және осалдықты тексереміз. Бірінші жауабымыз әдетте 48 сағат ішінде келеді.
  3. Біздің саясатымыз бойынша, осалдық туралы ақпарат мәселе шешілгеннен кейін 30 күн ішінде жұртшылыққа жария етіледі
  4. Есептер қауіпсіздік жөніндегі ұсынымдарда көрсетіледі, бірақ есеп берушілер қаласа, анонимді болып қала алады.

Қауіпсіздік жөніндегі ұсынымдар тізімі (ағылшын тілінде).